Күрес • 21 Наурыз, 2023

Грузия татамиінде белдеседі

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-26 наурыз аралығында Грузия астанасы – Тбилисиде дзюдодан «Grand Slam» турнирінің жалауы жел­бірейді. Әлемнің 62 елінен 440 спортшы қатысатын байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапынан 24 балуан белдеседі.

Грузия татамиінде белдеседі

Атап айтқанда, әйелдер сапынан ел намысын Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Толғанай Әбеуова, Гауһар Ермағамбетова (52 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг), Есмигүл Кую­лова (63 кг), Анастасия Маякова, Роза Нысан­тайқызы (70 кг) және Кәмила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова (+78 кг) қорғайды.

Ал ерлер бәсекесінде Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді (66 кг), Жансай Смағұлов, Асқар Нарқұлов (73 кг), Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза, Айдар Арапов (90 кг) және Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас (100 кг) татамиге шығады.