Таным • 30 Наурыз, 2020
1. Күшейтілген карантиндегі қала. Он бесінші күн. Сурет: редакция терезесінен қарағандағы көрініс. Сағат 15:24. Дүйсенбі. Дүйсенбі – парсы сөзі, екінші күн деген мағына береді екен. Ал біз оны бірінші күн дейміз. Ағылшын тілді мемлекеттерде уикэнд деген ұғым бар, біздіңше – демалыс күндері. Бірақ, олардағы уикэндте мерекелік сипат бар. Отбасына арнайды, қонаққа барады, осы күнді жоспарлайды. Бізде, жай ғана демалыс күндері. Қалауымызша шашып-төгіп жұмсаймыз күнді. Соны аптақыр (аптаның ақыры) деуге де болатын шығар, алайда сүйкімсіз естіле ме, біртүрлі. Есесіне, өзгеше мағына үстейді. Сол демалыстан шаршап шықтық, ештеңе істемей, ойдан, уайымнан. Күн сайынғы пандемия көрсеткіштерінен. Кітап оқыған болдым, жазған болдым. Оқығаным – ойыма қонбады, жазғаным – көңілімнен шықпады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Түркістан:Төтенше жағдай режимін бұзушылар тыйылмай тұр
Демалыс күні Кентау қалалық полиция бөліміне Қарнақ ауылында коронавирус жұқтыру туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарағаны жөнінде хабарлама түскен. Жедел-іздестіру шараларының барысында кентаулық полицейлер жасөспірімді ұстады.
Спорт • 30 Наурыз, 2020
Елена Рыбакина – болашақ теннис жұлдызы
Теннистен қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Sportsmole.co.uk. басылымының нұсқасы бойынша болашақ әлем жұлдызына баланған ТОП-10 теннисшінің қатарынан көрінді.
Қоғам • 30 Наурыз, 2020
Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында азық-түлік пен маскалар таратылды
21 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің қалаларымыздың барлық негізгі көшелерінде біз азаматтарға бетперделерді тегін тарата алатын боламыз. Бұл үкімет алдында тұрған өте шұғыл және жедел міндет» деп атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мүшелері қайырымдылық шараларын өткізіп, қолғабыс етті.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Алматы: Індетке шалдыққандардың 3 пайызы ғана Қазақстанда жұқтырған
Алматыда коронавирус жұқтырған тұрғындардың 97 пайызы сырттан жұқтырып келген. Бұл туралы бүгінгі онлайн-брифингте қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова хабардар етті.