Қазақстан • 14 Наурыз, 2018
Ғабит Зұлхаров - ізденімпаз журналист
Ғабит Зұлхаровты сонау 1990 жылдары Аягөз аудандық «Алға»-«Вперед» газетінде өндірістік тәжірибеден өтіп жүргеннен бері танушы едім. Жас мамандарға ақыл-кеңес беріп, журналист болып қалыптасуларына ықпал етіп жүретін. Қырық жыл бойы журналистік атқа дақ түсірмеген Ғабеңді алдыңғы буын ағалары барынша бағалап, «зерделі Зұлхаров» деп атап кетіпті. Ал бүгінгі ізінен ерген кейінгі толқын інілері «ғибратты Ғаба» деседі. Бұл – әркімге көрсетіле бермейтін құрмет пен ілтипат.
Қазақстан • 14 Наурыз, 2018
Қайролла Дүйсенбайұлының туғанына 70 жыл
Қасиетті қазақ жеріндегі Баянауыл өлкесі – дарынды тұлғалар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан атақты ғалымдардың мекені. Осы елдің тумасы Қ. Сәтбаев сынды ұлы ғұламалардың ізін жалғап келе жатқан ғалымдардың бірі және бірегейі – Қайролла Дүйсенбайұлы Рахимов.
Тарих • 14 Наурыз, 2018
Ар-намыстың ақтаңгері батыр Бөкенбай Қарабатырұлының ғұмыры
Қырық үш жастағы Бөкенбай батырдың Кіші жүздің біріккен әскери қолына қолбасшы болып сайлануы оның алдағы өмірінің мақсат-мұратын да белгілеп берді.
Тарих • 14 Наурыз, 2018
Мағжан - Түркі әлеміне ортақ тұлға - Зарқын Тайшыбай
Саналы ғұмырларын тәуелсіз мемлекет құру мақсатына арнаған, елдік мүдде жолында жандарын құрбан еткен Алаш арыстары мен қайраткерлері арасында Мағжанның есімі Түркі әлемінде де зор ілтипатпен, үлкен құрметпен аталады. Көзі жұмылғанша «қазағым, алашым» деп жырлап өткен ақиық ақын әлдеқашан мойындалып, теңдессіз рухани тұлғаға айналғаны талассыз шындық. Бұл орайда түркітілдес мемлекеттер шеңберінде «Мағжан Жұмабаев жылы» жарияланып, айтулы іс-шараның Түркиядан бастау алуының мәні де, маңызы да зор айтулы оқиға болды. Біз Қазақстан делегациясы құрамында бауырлас елге сапарлап қайтқан белгілі ғалым, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зарқын ТАЙШЫБАЙМЕН жүздесіп, алған әсерлерімен қоса ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты әрқилы тұжырымдар жайлы айтып беруін өтінген едік.
Қазақстан • 14 Наурыз, 2018
Демократиялық қоғам құрудың басты құндылығы - сана еркіндігі
Қоғамдағы демократия – ол еркіндік, конституция мен заң шеңберіндегі сана еркіндігі. Сана еркіндігінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі – материалдық құндылық пен билік. Содан кейін барып дәстүрлі менталитет және басқа да негіздер орын алады. Кез келген саналы адамның ой еркіндігінің демократиялық қоғамның дамуына сәйкес ұстанымдары болуы шарт.