Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Батыс Қазақстанда 120 елді мекенде интернет нашар
Төтенше жағдай кезінде басталғалы отырған үшінші тоқсан қалай өтеді? Оқушыларды қашықтан оқытудың барлық мәселесі шешілген бе? Батыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының басшысы Айымгүл Тіржанова алдағы оқу тоқсаны туралы сауалдарға жауап берді.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Түркістан: Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды
«Жібек – жолы» бақылау бекетіндегі шекарашылардың иісшіл иті Өзбекстанға қарай өтіп бара жатқан азаматты айналшықтап тұрып алған.
Қоғам • 26 Наурыз, 2020
«Астана Опера» көп рет қолдануға болатын маскалар тігуде
«Астана Опера» коронавируспен күрес мақсатында көп рет қолдануға болатын маскаларды әзірлеуге кірісті. Басшылық алғашқы партияны UMC корпоративтік қорының Ұлттық балаларды оңалту орталығына тапсыру туралы шешім қабылдады, ол жерде әрбір 25 күні 300-313 бала 230 ата-анасымен ем қабылдауда. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Түркістан: Коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 56 адамның дерегі анықталды
Сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок-пост қойылған. Уақытша тосқауыл –бекеттердің 31-і елді мекендерде, ал 4-уі теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Республикалық маңызы бар жолдарда екі блок - пост, яғни Жамбыл облысынан Түлкібас ауданына кіреберісте және Қызылорда облысынан-Кентау аумағына қарасты жерде жұмыс істеуде.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2020
Бүгін онлайн режимде Роза Рымбаева концерт өткізеді
Коронавирус індетінің таралуына және елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты мәдениет және спорт мекемелері онлайн кеңістікті игере бастады. «Карантиндегі жұлдыздар» жобасының бүгінгі қонағы – Роза Рымбаева.