Дін • 21 Наурыз, 2023
Рамазан – рухани кемелдену айы
Қадірлі отандастар!Сіздерді исі мұсылман баласы асыға күтетін, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа бірлік пен береке, бақыт пен шаттық тілеймін! Рамазан айы құтты болсын!
Саясат • 21 Наурыз, 2023
Елордада ЕҚЫҰ Демократиялық институт пен адам құқығы бюросы елімізде өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысты алдын ала қорытындысымен бөлісті. Сондай-ақ бюро саяси додаға қатысты есебін баяндады.
Сайлау • 21 Наурыз, 2023
Шетелдік байқаушылар: Қазақстан демократияға толық бет бұрды
Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылаған шетелдік байқаушылар сайлау үдерісінің барысына жүргізген мониторинг нәтижесінде өрескел заң бұзушылықтардың тіркелмегенін мәлімдеді. Қазақстанға халықаралық байқаушы ретінде келген Астрахань облысы (РФ) губернаторы әкімшілігінің ішкі саясат басқармасы басшысының бірінші орынбасары Андрей Сызрановтың айтуынша, байқаушылар өз жұмыстарын кәсіби түрде орындаған. Жалпы, Мәжіліс сайлауын 793 шетелдік байқаушы қадағалады. Олардың 131-і 41 шет мемлекеттен және 662-сі 12 халықаралық ұйымнан келді. Әсіресе Еуропа елдері парламенттік сайлауға елеулі үлес қосты. Саяси доданы ЕҚЫҰ-ның 400-ден астам өкілі бақылады. Сарапшылардың айтуынша, ЕҚЫҰ және өзге де халықаралық ұйымдардың тарапынан Қазақстанға мұншалық назар аударылуы – еліміздің халықаралық ұйымдармен белсенді әрі нысаналы жұмысының нәтижесі, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әділетті Қазақстан құру мақсатында жүргізіліп жатқан еліміздегі ауқымды реформаларға халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен қызығушылық пен қолдаудың бар екенінің дәлелі.
Өнер • 21 Наурыз, 2023
Көз жауын алатын, ұлттық нақышпен өрнектелген бұйымдары бүгінгі күні алты Алашқа танылған, ынтымағы мықты ұжымның негізі сонау 1989 жылы қаланған. Шағын ұжым бүгінде толысқан, мақсат-мұратына жеткен, қуатты кәсіпорынға айналып отыр.
Қоғам • 21 Наурыз, 2023
Бақыт пен байлық адамның пейілінде
Қолымыз негізгі қызметтен бір сәт қалт ете қалса, ой қуып, ой қаузайтын кезіміз аз болмайды. Тірі пенде ойдан бір ажыраған ба? Не үшін адам болып мына жарық дүниеге келдің? Не іс атқардың? Артыңа қандай із қалдырып барасың?