Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Қызылорда: Қалалық штабтың жұмысы қауырт
Қызылорда қаласында төтенше жағдайға байланысты құрылған жедел штаб өкілдері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар індеттің алдын алуға да үлес қосуда. Кеше қалалық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер тобы базарлар мен сауда орындарында, темір жол вокзалы мен автовокзалда тегін медициналық бетперде таратты. Осы күні «Ажар сити» сауда орталығы да өз тұтынушыларына бетперде үлестірді.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2020
Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Шымкентте адам көп шоғырланатын орындарға дезинфекция жасалынды
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, әл-Фараби алаңы, Орыс драма театрының маңайы және Арбат демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Қызылорда: Дезинфекциялау жұмыстары басталды
Коронавирус іңдетіне байланысты бүгіннен бастап Қызылорда қаласының теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын дезинфекциялау басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Наурыз, 2020
Жаңа әліпбиде диакритика көп пе?
Әліпбиге өзгертулер жасалу қажет деген Президентіміздің тапсырмасынан кейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдары және Қазақ жазуын латын графикасына көшіруге байланысты Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық жұмыс топтары әліпбиге біршама түзетулер енгізді. Онда латынның 26 әрпінің 23-і өзгеріссіз алынады да, әріптер дыбыстық мазмұнға сай келеді, мысалы, a (а), b (б), g (г), d (д), e (е), һ (һ, х), f (ф), i (и, й), j (ж), q (қ), k (к), l (л), m (м), n (н), o (о), p (п), r (р), s (с), t (т), u (у), v (в), y (ы), z (з).