Қазақстан • 26 Наурыз, 2020

Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

«Құрметті Президент мырза,

Сізді, отбасыңызды және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз адамдарды біріктіретін бірлік, мейірімділік пен жаңару мерекесі саналады.

Өткен жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Еліңізді америкалық бизнес үшін одан әрі тартымды ете түсетін реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Біз Ауғанстанда бейбітшілік орнату жолында бірлесіп жұмыс істеп жатқандықтан, екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықтың келешекте дами беретініне сенім білдіремін. Наурыз құтты болсын!» делінген АҚШ президенті жіберген құттықтауда.