Сонымен қатар, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қаупсіздігін бақылау басқармасы өкілдері санитарлық талаптарды сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мамандары дыбыс күшейткіш арқылы халық көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау, төтенше жағдай кезіндегі талаптар мен жауапкершіліктер туралы хабарландыру жасады.
Айта кету керек, қалалық жедел штаб 16 наурыздан бастап, көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық орындарда түнгі рейд жұмыстарын күнделікті жүргізуде.
Бүгінгі күнге дейін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабы бойынша 19 хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды, олардың 14-не қатысты сот шешімі шығарылды.
Оның, ішінде 12 дәмхана-ресторан иелеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынса, талапқа бағынбаған 1 кәсіпкер 5, тағы бірі 7 тәулікке қамауға алынған.