Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қызылорда: Дезинфекциялау жұмыстары басталды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус іңдетіне байланысты бүгіннен бастап Қызылорда қаласының теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын дезинфекциялау басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылорда: Дезинфекциялау жұмыстары басталды

Облыс орталығындағы басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмысы өңірдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің кестесіне сәйкес жүргізілмек.

Дезинфекциялауға №66597 әскери бөлімінің 50 сарбазы жұмылдырылды.