Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Байқаушылар бағасы – жариялылық пен ашықтық сақталды
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау қарсаңында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері шетелдік және халықаралық байқаушылар делегацияларымен бірқатар кездесу өткізді. Яғни халықаралық ұйымдармен – 9, шетелдік сайлау органдарының мүшелерімен 7 екіжақты кездесу өтті, сондай-ақ халықаралық БАҚ брифингі де ұйымдастырылды.
Саясат • 20 Наурыз, 2023
Сайлаушылар Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 42 жас кандидатты таңдады. Үміткерлердің басым бөлігі «Аmanat» партиясынан өтті. Бұл туралы «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогының өкілдері баспасөз мәслихатында хабарлады.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2023
Алматыда бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді
Алматыда ертеңнен бастап бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Наурыз, 2023
Өмір жолы тақтайдай тегіс емес. Үлкендер «қамшының сабындай қысқа» деп тұжырым жасаған мына жалғанның сынағына ерік-жігері мен төзімі мықтылар ғана шыдайды. Әрине, ол үшін сын сағаты соққанда өмір үшін арпалысқа толы күресуге талпындыратын шын жанашыр жанның қолдауы қажет-ақ.
Отбасы • 20 Наурыз, 2023
Кейінгі жылдары республикалық сайыстарда жүлделі орындар иеленіп, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген «Шашу» отбасылық ансамблі биылғы жазда бірнеше мемлекетке сапарға шығуды жоспарлап отыр. Бір отбасында тәрбиеленіп жатқан 21 баланың талантын ұштап, үлкен өмірге баулып жүрген – ата-анасы Өмірхан Жетесұлы мен Амангүл Ешпанқызы. Өнерлі ата-ананың әр баласы да өнерлі. Балаларының бірі терме айтады, екіншісі әнші, жетіген мен сыбызғыда ойнаса, басқалары қобыз бен домбыра тартады. Ер балалары, әсіресе, қазақтың жыр-дастандарына құмар.