Қазақстан • 13 Наурыз, 2018
Астананың бас қаламызға айналғанына биыл 20 жыл толады. Жалына қол тигізбес жүйрік уақыт, шағын ғана Ақмола-Целиноградтың ен далада бұйығып жатқаны кеше ғана сияқты еді. Бел ортасынан көшелерінің бас-аяғы көрініп жататын шағын қала тарих үшін аз ғана уақыт ішінде әлемнің ірі-ірі шаһарларымен иық тірестірген мегополиске айналып қана қоймай, дүние жүзі державаларының геосаяси қарым-қатынасындағы бейбіт келіссөздер алаңы ретінде мәшһүр болды. Еуразияның тура кіндік тұсында орналасқан Астана Еуропа мен Азияның алпауыт мемлекеттері арасындағы талай мәселеде байсалды бітімгер бола білді.
Әдебиет • 12 Наурыз, 2018
Жазушылар одағының ХV құрылтайы өтті
Кеше Алматыдағы Абай атындағы академиялық Опера және балет театрында қаламгерлер қауымы көптен күткен Қазақстан Жазушылар одағының ХV құрылтайы болып өтті. Еліміздегі ең алғашқы және ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі де бірегейі болып саналатын Жазушылар одағының құрылтайы Әнұранмен басталып, дәстүр бойынша екі құрылтай аралығында өмірден өткен 131 қаламгерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Астанада АРТА сарапшыларын кәсіби дамыту бойынша халықаралық семинар өтіп жатыр
Бүгін Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімімен (the European Quality Assurance Register for Higher Education, EQAR) бірлесіп, АРТА сарапшыларының кәсіби біліктілігін арттыру бойынша халықаралық семинар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Экономика • 12 Наурыз, 2018
Жапония үкіметі еліміздегі әлеуметтік жобаларға 395 мың доллар бөлді
Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата «Шөп тамыры» адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік жобаларына арналған қайтарымсыз көмек көрсету гранттарын тапсыру жөніндегі келісімшарттарға қол қойды. Осы орайда Елшілік еліміздегі 2017 жылы қабылданған жеті әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 395 мың АҚШ долларын бөлді.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Атыраулықтар ШҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетпек
Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасымен ШҚО-да су деңгейінің көтерілуінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинайтын штаб ашылды. Аймақтағы мемлекеттік қызметшілер де бастамаға үн қосып, зардап шеккендерге қаржылай көмек аударуға ниет білдіріп отыр, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.