Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Шығыс Қазақстанда 70 үйді су басты
Бірнеше күн қатарынан толастамай жауған жаңбыр Шығыс Қазақстанның 6 бірдей (Аягөз, Үржар, Күршім, Ұлан, Глубокое, Зайсан) ауданы мен облыс орталығы - Өскемен қаласының тұрғындарын әбігерге түсіруде. Бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты Өскемен мен Риддер қаласында бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары, 1-2 курс студенттері сабақтан босатылды.
Футбол • 12 Наурыз, 2018
Ресейде жүр қазақтың бір баласы
Сәл кешіккенде ұшаққа үлгермей қалады екенмін. Әйтеуір, әупірімдеп жүріп борттың есігі жабыларда жеттік. Бағыт – Уфа қаласы. Жаныма жасы менімен шамалас жігіт келіп жайғасты. Мінезі ашық. Ақжарқын көңілімен ағытылып бірден қазақтың бас қаласының кереметтігін айта жөнелді. Орнына отырып үлгермей, сөйлеп жатыр. Сұлу стюардессаның ескертуіне мән берер де емес. Сол жағалау «мынандай екен» деп бас бармағын көрсетіп қояды. Көңіл күйі керемет. «Бәйтерекке» де барыпты. «Хан Шатыр» қандай әдемі өрнектелген деп бас шайқайды. «Мәңгілік ел» монументіне де дән риза. Мен аң-таңмын. Қонақ келіп өз үйіңді шын көңілімен мақтап жатса қалай қуанбайсың? «Бұл – менің Астанам» деп кеудемді қуаныш, мақтаныш сезімі кернеді. Алған әсерін айтып болған соң, жөн сұрады. Таныстық. Қасымдағы жолсерігімнің есімі Илнур екен. Уфадағы мұнай компанияларының бірінде қатардағы қызметкер. Астанаға іссапармен келіпті.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Отандық өндірушілерді қолдағаннан ұтарымыз көп
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі машина жасау саласы болып табылады.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтейік
Күні кеше ғана Елбасымыз мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында: «Парламент пен Үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс» деп тайға таңба басқандай нақты тапсырма берді. Бұл тәуелсіздігі ширек ғасырдан асқан Қазақ елі үшін өте орынды және дер кезінде берген тапсырма.
Әдебиет • 12 Наурыз, 2018
Алматыда Жазушылар одағының құрылтайы өтіп жатыр
Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезекті XV құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлайды inform.kz.