Қазақстан • 20 Наурыз, 2019
Тұңғыш Президент саябағына 100 түп бөртегүл отырғызды
Алматыда Жас натуралистер станциясының белсенділері қаладағы Тұңғыш Президент саябағына жүз түп бөртегүл отырғызды. Белсенділер бұл игілікті істі бірнеше жыл қатарынан атқарып келеді. Бұған дейін қаланың бірқатар аумағына әсем гүлдер егілген.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2019
Кітап палатасында «Наурыз» мерекесі тойланды
Қазақстанда шығатын басылымдардың жарыққа шығуына бағыт-бағдар беріп, халықаралық стандарт талабына сай тіркеуге алатын, баспа және баспасөз өнімдерін жинап, сақтайтын, статистикасын жүргізетін бірден-бір ғылыми-библиографиялық орталық Ұлттық Кітап палатасының қызметкерлері «әз-Наурыз» мерекесін ерекше салтанатпен атап өтті.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2019
Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ Қостанай облысына келді
Елшімен бірге делегация құрамында француздың ірі және бірлескен қазақстан-француз компанияларының өкілдері келді. Бұл туралы Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2019
Қостанай облысында 500 тұрғын «Бастау» жобасының аясында партаға отырды
Облыста «Бастау» оқыту жобасы басталды. Бірақ биыл бизнес әліпбиін оқып, сертификат алғысы келетіндердің саны былтырғыға қарағанда күрт қысқарды, олар бір мың адамнан сәл ғана асады. Ал өткен жылы осы жоба бойынша 2300 адам сертификат алған еді. Бірақ мұның есесіне жастар жаңа «Жас кәсіпкер» жобасында өзінің бағын сынап көруіне болады.
Британ оқырмандарының қызығушылығын оятты
Өткен аптада Ұлыбританияда ұйымдастырылған Лондон кітап көрмесінде (London Book Fair) қазіргі қазақстандық баспа саласының туындылары таныстырылды. Жоба аясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы елшілігінің қолдауымен отандық баспалардан соңғы жылдары жарыққа шыққан кітаптарын қалың оқырман назарына ұсынды.