Елорда • 25 Наурыз, 2020
Елордада қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылуы мүмкін
Карантин салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді деп хабарлайды ҚазАқпарат CTS компаниясына сілтеме жасап.
Медицина • 25 Наурыз, 2020
Жетісу ауруханаларына 27 жасанды тыныс алу қондырғысы қойылды
Елімізде жұқпалы індеттің жылдам таралуына орай аймақтағы ауруханалар мен медицина қызметкерлерінің жұмысы ерекше жағдайда көшірілуде. Қазір Алматы облысында 9 мыңға жуық науқас қабылдайтын орын дайын тұр. Қажет болған жағдайда төсек орын санын 11 мыңға дейін жеткізу мүмкіндігі бар.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Шымкент: Партия филиалы жанынан құрылған арнайы топ сақтық шараларын қадағалауда
Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерік Тіленшин, "Береке" бастауыш партия ұйымының төрайымы Рәшкүл Оспаналиева, "Тұран" бастауыш партия ұйымының төрайымы Альбина Елшиева бастаған топ "Магнум" сауда үйіндегі баға тұрақтылығын, жалпы санитарлық тазалықты, келушілердің бетпердемен келуін қадағалау сынды жұмыстарға бақылау жүргізді.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Шымкентке кіретін автожолдарда 12 арнайы блок бекеті қойылды
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілуде. Бұл бағытта Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылды.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Алматы облысы: азық-түлік қоры жеткілікті болғанымен бағаның өсуі байқалды
Төтенше жағдай кезінде бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік бағасын тұрақтандыру атқарушы биліктің басты міндеті болып отыр. Алайда, жекелеген дүкендер мен сату орындарындағы бағаның өсуі Алматы облысының аумағында да байқалып отыр.