Елорда • 25 Наурыз, 2020

Елордада қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылуы мүмкін

338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Карантин салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді деп хабарлайды ҚазАқпарат CTS компаниясына сілтеме жасап.

Елордада қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылуы мүмкін

Компания мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штаб шешімімен 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгереді. Автобустардың жұмыс кестесі енді 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады.

Сонымен қатар 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы барлық бағыттар тоқтатылады. Олар: Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Нұрлы ауылдары (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).

Оған дейін, 21 наурыздан бастап карантин аймағына кірмейтін қала маңындағы Ақмол, Қабанбай батыр, Р. Қошқарбаев, Максимовка, Воздвиженка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка, Малотимофеевка және Шұбар (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 және 318) ауылдарына автобустар тоқтатылды. Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.

«Бүгінгі күнге автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау - 98 пайыз. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлем түрлеріне өтуге кеңес беріледі. Барлық тарифтік жоспарларды және көліктік карталарды біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген. Карантиндік шаралар қатаңдатылған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға арналған жедел штабымен қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселе көтерілуі мүмкін» деп атап өтеді компаниядан.