Спорт • 18 Наурыз, 2022
Әйелдер күресінен ресми халықаралық жарыстар ХХ ғасырдың сексенінші жылдарынан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Тарқатып айтсақ, әлем чемпионатының тұсауы осыдан дәл 35 жыл бұрын Норвегияның Леренскуг қаласында кесілді. 1988 жылы Францияның Дижон шаһарында Еуропа біріншілігінің жалауы желбіреді. Тоқсаныншы жылдардың бел ортасынан бері Азия мен Америка құрлығының үздіктері анықтала бастады. Одан кейін бұл эстафетаны Африка мен Мұхит жағалауы елдері қабылдады. Ал 2004 жылы әйелдер күресі Олимпия ойындарының бағдарламасына еніп, ғаламдық доданың алғашқы жүлделері Афинада сарапқа салынды.
Спорт • 18 Наурыз, 2022
Бейжің Паралимпиадасы қорытындыланды
Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық паралимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың Бейжіңдегі ойындарға қатысуының қорытындысын шығарды. Елордада өткен қорытынды баспасөз мәслихатына Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және XIII Қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері Александр Герлиц қатысты.
Қоғам • 18 Наурыз, 2022
Тұрақтандыру қорында 1 259 тонна өнім бар
Қызылорда тұрақтандыру қорында құны 253,3 млн теңге болатын 1 259 тонна азық-түлік бар. Бұдан бөлек, 4 328,1 тонна ұн, 272 тонна қарақұмық жармасы, 500 тонна күнбағыс майы мен 6 тоннаға жуық сүт жеткізілуде.
Қаржы • 18 Наурыз, 2022
Қаржы секторындағы гендерлік теңдік
Әйелдердің қоғамдағы, экономикадағы рөлі туралы аз айтылып жүрген жоқ. Елімізде 2016 жылы Президенттің Отбасылық және гендерлік саясаттың тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлығы шыққан. Жарлық бойынша әйелдердің биліктің атқарушы, өкілдік және сот органдарындағы, мемлекеттік және корпоративтік секторлардағы үлесі 2023 жылы – 25 пайыз, 2030-ға қарай – 30 пайызға жетуі керек. Осы мәселеге орай Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова пікір білдірді. Әйелдердің экономикаға аз араласуы әлемдік экономиканың өсімін тежеуші факторға айналып келеді, мұны Халықаралық валюта қоры мен БҰҰ зерттеулері де растайды.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2022
Жедел штаб жемісті іске бастайды
Қарағанды облысында әлемде қалыптасқан қазіргі күрделі жағдайға байланысты экспорттаушы кәсіпорындармен тиімді қарым-қатынаста жұмыс істеу мақсатында жедел штаб құрылғанын өңір басшысы Жеңіс Қасымбек аппарат жиынында мәлімдеді.