Мирас • 15 Наурыз, 2024
Наурызкөже – тек осы Наурыз мерекесіне ғана арналып жеті түрлі тағамнан жасалатын айрықша тағам. Жеті түрлі тағамның қосылуының өзі елде молшылық орнап, ас-су аста-төк болсын деген ырымнан туған. Дәм түрлері барынша көп болса, соншама тоқшылық болады деген ырым да бар. Оны міндетті түрде жеті тағамнан жасайды. Өйткені жеті санының өзі қазақта ғана емес басқа да жұрттарда да өте көп, мол дегенді білдіреді. Қазақтың «жеті қат жер астында», «жерден жеті қоян тапқандай» дегеніндегі жетілер «өте алыста», «қалың қабатта», «өте көп» деген мағынаны береді.
Мирас • 15 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы былтырғы 7 қарашада Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесуінде: «Қазақтың Адай жылқысын Маңғыстаудың бірегей байлығы деуге болады. Бұл арғымақтар шөлге ерекше шыдамды, алыс жолға төзімді. Маңғыстау тұлпарлары алысқа шабатын халықаралық марафондарда әрдайым бәйге алып жүр. Адай жылқысын әлемге таныта алсақ, бұл біздің тағы бір тамаша брендімізге айналады. Сондықтан Үкіметке оны ғылыми түрде асыл тұқымды мал ретінде тану және көбейту үшін тиісті жұмыстарды жедел қолға алуды тапсырамын», деген еді.
Үкімет • 15 Наурыз, 2024
«Ауыл аманатының» Атырау жұртына көмегі
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Атырау облысына жұмыс сапары аясында бірқатар өнеркәсіптік нысан жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Теңізшевройл» компаниясының өкілдерімен, «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларымен кездесті.
Саясат • 15 Наурыз, 2024
Кеше Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы аясында жұмыс секцияларының мәслихаттары өтті. Түске дейін Президенттің көмекшісі Руслан Желдібайдың модераторлық етуімен «Азаматтық қоғам» секциясы, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның модераторлығымен «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясы жұмыс істеді.
Үкімет • 15 Наурыз, 2024
Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды нысан мен тарихи-мәдени орынға арнайы барды. Үкімет басшысы әуелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, Мемлекет басшысының сәулет өнерінің жарқын үлгісі әрі ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдениеттің бірегей мұрасын сақтау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысымен танысты.