Қазақстан • 19 Наурыз, 2019
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Студенттік парламент құрылды
Педагогикалық білім ордасында Студенттік парламент құрылды. Студенттік парламент – барлық қоғамдық бірлестіктердің басын біріктіріп, жастарды әлеуметтік қолдауда, жастар арасында дұрыс моральдық-психологиялық орта қалыптастыруға, университет қабырғасындағы ұйымдастыру-басқару жұмыстарын дамытуға басшылық жасайтын болады.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2019
Ақмола облысының елді мекендері ішінара көгілдір отынмен қамтылады
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында аймақтық қоғамдық кеңестің отырысында жағымды жаңалық айтылды. Елбасының бес әлеуметтік бастамасында жүктелген міндеттердің орындалу барысы көңіл тоғайтарлық. Салық жүктемесін азайту мен өңірді газдандыру мәселесіне қатысты атқарылып жатқан жұмыстар көп.
Қазақстан • 19 Наурыз, 2019
«Халыққа көмек»: Жаңа жоба Жайықтағы жағдайды зерделейді
Қоғам назарына іліккен өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешіп, жан-жақты зерделеу мақсатында «Nur Otan» партиясы жаңа жобаны қолға алды.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2019
Шымкенттегі мектепте болған жаппай улануды қала әкімі тікелей қадағалауға алды
Күні кеше Шымкент қаласындағы №54 орта мектепте белгісіз иістің әсерінен жаппай улану фактісі болып, 45 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген еді. Оқиға орнына шұғыл жеткен Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, полицейлер, дәрігерлер, газ тарату мекемелерінің қызметтері жасөспірімдердің жаппай улану себептерін анықтауға кіріскен. Мамандар мектеп іші мен ауласындағы ауаның сынамасын алып, лабораториялық тексеруден өткізген. Алайда, табиғи газдың таралуы жөніндегі болжам расталған жоқ.
Ұлттық мұражайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұсаулары кесілді
Іс-шара қазақтың киелі салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.