Қазақстан • 19 Наурыз, 2019
Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2019
Түркістан: Сайрам ауданында заманауи үлгідегі мұражай салынып жатыр
Түркістан облысы Сайрам ауданында жаңадан мұражай салынып жатыр. Аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша бой көтеріп жатқан нысанның жалпы құны – 86 млн 492 мың теңге. 2018 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің Сайрам ауданына ұйымдастырған пресс-туры кезінде журналистер осындай игі істің куәсі болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Наурыз, 2019
Биылғы қаңтарда экспортталатын тауарларға баға 1,4 пайызға төмендеді
2019 жылғы қаңтарда экспортталатын тауарларға баға 1,4% төмендеді, импортталатындарға 1,6%-ға жоғарылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Наурыз мерекесінде Астанада ауа-райы қандай болады
Алдағы күндері қалада сынап бағанасы бес градус жылылықты көрсетеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 19 Наурыз, 2019
Оқушылар қазақ ғарышкерлерімен кездесті
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Наурыз мейрамы қарсаңында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында IX Наурыз кездесулері өтті.