Қазақстан • 25 Наурыз, 2020
21 қазақстандық азамат Қырғызстаннан эвакуацияланды
Қазақстан азаматтарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңға дейін Қырғызстан Республикасында болған қазақстандықтар өз отандарына эвакуацияланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
СҚО-да көңіл көтеру орындары ТЖ режімін 25 рет бұзған
Солтүстік Қазақстанда көңіл көтеру орындарында, қоғамдық тамақтану нысандары мен сауда орындарында төтенше жағдай режімінің сақталуын тексеру жиі жүргізіліп тұрады. Онда ТЖ режімін сақтау нормаларын түсіндіру және осындай бұзушылықтардың алдын алу шаралары жасалады. Тексеріске тиісті органдар өкілдерімен қатар еріктілер де белсенді көмек көрсетуде.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Шымкент: Нұр-Сұлтан қаласына 3 тонна антисептикалық препарат жөнелтілді
Тәулігіне 6 тонна антисептикалық препарат шығаратын шымкенттік кәсіпорын Нұр-Сұлтан қаласына көмек ретінде 3 тонна өнімін жөнелтті.
Коронавирус • 25 Наурыз, 2020
Барлығы 79 науқас: Қазақстанда тағы 7 адам індет жұқтырды
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус індетін жұқтырды. Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда 25 наурыз, 09:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам бар. Оның екеуі - Алматыда, бесеуі - елордада тіркелген.
Медицина • 25 Наурыз, 2020
Ақтауда қан тапшылығы сезілуі мүмкін
Әлемде COVID-19 инфекциясының кең таралуына байланысты, елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осыған орай Маңғыстау облыстық қан орталығына келуші ерікті донорлар саны күрт азайғандығы сезілуде. Бүгінде енгізілген төтенше жағдайға орай тұрғындар көшеге шығуды азайтқан, бұл жағдай қан орталығын да айналып өтпеді. Әдетте бір күнде 20-25 донор келіп қан тапсырса, қазіргі уақытта бұл келушілер саны 4-5 адамнан аспайды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.