Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Шымкент: Нұр-Сұлтан қаласына 3 тонна антисептикалық препарат жөнелтілді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәулігіне 6 тонна антисептикалық препарат шығаратын шымкенттік кәсіпорын Нұр-Сұлтан қаласына көмек ретінде 3 тонна өнімін жөнелтті. 

Шымкент: Нұр-Сұлтан қаласына 3 тонна антисептикалық препарат жөнелтілді

Зауытта қазіргі таңда 30 жұмысшы екі ауысымда еңбек етуде. Қосымша резервте 10 жұмысшы бар. Ол кезде кәсіпорын үш ауысымда 10 тонна шығаруға қауқарлы. 

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты зауыт өнімдеріне Шымкентпен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау, т.б. өңірлерден сұраныс артқан.

Кәсіпорын директоры Мұхит Асановтың айтуынша, зауытқа шикізат Бельгиядан, Ресейден тасымалдануда. Өнімдері сапасы жағынан елімізде көш бастап тұр. Бағасы қолжетімді.

 

ШЫМКЕНТ