Тұлға • 13 Наурыз, 2025
Бүкіл саналы ғұмырын қазақтың тарих ғылымына арнаған көрнекті әрі ғибраты мол ғалым, ұстанымы берік ұлағатты ұстаз, адамгершілік қасиеттерді алдыңғы қатарға қойған азамат, Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор марқұм Кеңес Нұрпейісұлының туғанына биыл 90 жыл. Қашанда жүзінен мейірім, сөзінен жылылық, тұлғалық болмысынан зиялылық пен парасаттылық құйылып тұратын Кең-ағаның арамызда жоқ екеніне сенгің келмейді. Академик талайға ғылымдағы бағыт-бағдарын айқындауға жәрдемдесіп, жол көрсетті.
Өндіріс • 13 Наурыз, 2025
«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2024 жылы өңірге 1,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Бір қолын екі ете алмай отырған малсақ қауымды қолтығынан демеп, алға бастыратын көп-көрім демеу. Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының дерегіне қарағанда, ауыл тұрғындарының кірісін көбейтіп, қара қазанын майлау үшін республикалық бюджеттен жоғарыда аталғандай қаражат бөлінген. Қазірде «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 1 931,7 млн теңгені құрайтын 220 өтінім түскен. Оның 1 161,2 млн теңгелік 128 өтінімі мал шаруашылығын дамытуға ұсынылған екен. Несие комитеті 131 өтінімді мақұлдаған. 29 ақмолалықтың қолына қаражат тиіп, ілкімді ісін бастап кеткен.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Наурыз, 2025
Кейінгі жылдары кәсіптік-техникалық колледждер білім бағдарламаларын өндіріске бағыттап, кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге басымдық бере бастады. Заманауи инновциялық шешімдердің жылдам өзгеруі өндіріспен ынтымақтасты тұрақты күшейтіп отыру. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында кәсіби мамандар даярлау үшін еліміздің оқу орындары ғана емес, шетелдің де компанияларымен бірлескен келісімді қарастырып жатыр.
Салық • 13 Наурыз, 2025
Көлік салығына салғырт қарамаған жөн
Сауал – Көлік салығын төлейтін уақыт жақындап қалды. Нені ескеруіміз керек?
Білім • 13 Наурыз, 2025
22 талапкердің нәтижесі жойылды
Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, аралық қорытынды нәтижесінде бір аптадан аса уақыттың ішінде тестіні 21 мыңға жуық талапкер тапсырды.