Қоғам • 18 Наурыз, 2021
COVID-ке шалдыққандар саны 12 пайызға артты
Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі эпидемиялық жағдай бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарушы директоры, басқарма мүшесі Гүлнара Омарова қатысты.
Білім • 18 Наурыз, 2021
Соңғы онжылдықта болған алапат өзгерістер адамзат баласын да өзгерткен сыңайлы. Дәлірек айтқанда, адамдардың ойлау қабілетіне, көшбасшылық және де өзгелермен бәсекелес болу қабілетіне өз ықпалын тигізді. Осыған сай адам миының функциясы мен іс-әрекетіне қатысты тұжырымдар жаңаша дәйектермен толықты.
Білім • 18 Наурыз, 2021
Silkway халықаралық университетіндегі түркологиялық зерттеулер: мақсат-міндеттері мен нәтижелері
Біздің университеттегі түркология бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының қолға алынып, зерттеу тақырыптарына айналуы оқу орнының алғашқы ректоры болған филология ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Оразұлының есімімен тікелей байланысты. Академик Ә.Қайдармен бірлесіп, алғаш рет қазақ тілінде «Түркологияға кіріспе» оқулығын жазған, қазақ тілінің семантикасы, грамматикасы жайындағы зерттеу еңбектерін түркі жазба ескерткіштерінің және қазіргі түркі тілдерінің материалдарымен салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттеу нысанына айналдырып, құнды монографиялар жариялаған М.Оразовтың түркітануға қосқан үлесі мол еді. Ғалым өзінің аз ғұмырында қазақ тілінің тарихы, жазба ескерткіштердің тілі, кітаби тіл бойынша бірнеше шәкірт тәрбиелеген болатын. Олар қазір еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде еңбек етуде.
Қоғам • 18 Наурыз, 2021
Таяуда футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары өтті. Биыл жоғары лигаға жолдама алған «Тұран» командасы елордалық «Астанамен» Түркістан қаласындағы «Түркістан-Арена» стадионында шеберлік байқасты. Онда тұрған не бар дерсіз?! Нөсерлетіп жауған жаңбыр салдарынан жасыл алаң шалшыққа айналған. Бір қызығы, футболшылар осындай қолайсыз жағдайда доп тебуге мәжбүр болды.
Кино • 18 Наурыз, 2021
«Қара қабылан» қазақ тілінде сөйлейді
Алдағы уақытта әлемдік кассалық анимациялық мультфильмдер мен көркем фильмдердің танымал кейіпкерлері қазақша сөйлейтін болады. Marvel мен Disney компаниясының әйгілі туындыларын Qazaqstan телеарнасы дубляждап, көрерменге ұсынуға дайын.