Білім • 18 Наурыз, 2021

Өзгеше боламын десең...

351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы онжылдықта болған алапат өзгерістер адамзат баласын да өзгерткен сыңайлы. Дәлірек айтқанда, адам­дар­­дың ойлау қабілетіне, көшбасшылық және де өзге­лер­мен бә­се­келес болу қабілетіне өз ықпалын тигізді. Осыған сай адам миы­ның функциясы мен іс-әрекетіне қатысты тұжырымдар жа­ңа­ша дәйектермен толықты.

Өзгеше боламын десең...

Негізінде, адам баласының қабылдаған кез келген шешімі тікелей оны әрекетке алып келетін нейрондағы паттерндерге байланысты, яғни солар арқылы толықтай жүзеге асатын құбылыс. Осындай тұжырымдардың көптігі нейроэкономиканың пайда болуына әсер етсе, бұл сала өз алдына инновацияны және өзгеше қимылдау мен ойлауды өзінің қарсы­ластарына қарағанда өзге­рек болуды мақсат тұтады. Осы­ сынды түрлі ойлар тізбегінде ико­нокласт дейтін тағы бір термин туындаса керек. Негізгі мәні көпшіліктің мүмкін емес деп қабылдайтын дүниелерін кері­сінше қабылдау арқылы алға ұмтылатын, ойындағы әрекет­терді жасап бітпейтін қабілеті бар амбициялы адам. Бұл қасиет­терге ие жанның түрлі белесті ба­ғындырары сөзсіз.

Бұл анықтаманың өзі ико­но­­­к­ласт­­ардың айналасындағы жан­дардан мүлде басқа екенін аңғар­­тады. Дәлірек айтқанда, олар­­дың миының жұмысы үш түрлі жолмен қарастырылады: қа­был­дауы, қорқыныш реакциясы және ортасындағы адамдармен қа­рым-қатынасы.

 Ең алдымен ақ-қарасын ажыратып алу керек дүние, бұл – мидың шектеулі ресурстардан қина­­латындығы. Адам миында энер­гияның өлшенген санаулы бө­лігі бар. Бұл көрсеткіш шамамен 40 Вт-тық электр шамының өлшемімен бірдей. Сондықтан да ол тиімді жұмыс атқару үшін ға­сырлар бойы эволюциядан өтті. Дәл осы сәтте адамдарға ико­­нокласт болуға кедергілер туын­­дайды. Мәселен, белгілі бір деректер көзге түскенде ми бұл ақпараттарды қысқа уақытта түсі­ніп алуға тырысады. Бұл про­цес­ті толыққанды түрде атқа­ру үшін ми өткен күндердегі елестерге (сәттерге), басқа адам­дар­­дың көз­қа­расына бірдей дәре­же­де жү­гі­неді. Сондай-ақ бұл үздіксіз әрі қай­­таланбалы процесс.

 Бұл әлемге басқа адамдардан өзгеше қараудың бірден-бір жолы – миды өткен күндерде жасап көрмеген дүниелермен тікелей ұшырастыру. Адам көкжиегін кеңейте түсетін сәт те осы уақытта туындайды, яғни жаңашылдыққа ұмтылу – мидың басқа қырдан ойлай бастауына әсер етеді, өзге тұжырымдармен толығуға себеп болады. Иконокласт деп аталатын адамдар осындай жаңа дүниелерге ынтық келеді. Осы тұрпаттағы адамдарға зер салу арқылы бай­қай­­тынымыз, өзге жандар жаңа нәрселерден қашатын болса, ал олар жаңа әлемге, жаңа дүние мен таныстықтарға дайын болып келеді.

Алайда жаңашылдықтың туды­­ратын басты мәселесі мида­ғы қорқыныш жүйесін қалып­тас­ты­рады. Қорқыныш – иконокласт адамның алдынан кез­де­сетін және кез келген адамды тоқ­тататын үлкен кесел. Де­ген­­­­мен осы қорқыныштың жиі кез­десетін екі түрі бар, олар бел­­гісіздік қорқынышы мен өзге жан­­­­дардың келемежіне қалу қор­қы­­нышы.

Иконокластар кез келген жағ­­дайда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл – әдеби тұрғыда сөй­­леуден бастап технология мен биз­неске дейінгі мүмкіндіктер. Олар шығармашылық пен инновацияны қолдайды, сәтсіздік пен күйзеліске ұшырағанына қа­­ра­мастан, әр ортада белсенді өмірін жалғастыра береді. Кез келген салада жетістікке жету үшін иконокластар миының қалай жұ­­мыс істейтінін ұғынған жөн.

 

Аруна ҚАРАЖАН,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті