Кино • 18 Наурыз, 2021

«Қара қабылан» қазақ тілінде сөйлейді

1367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта әлемдік кассалық анимациялық мульт­фильмдер мен көркем фильмдердің танымал кейіп­кер­лері қазақша сөйлейтін болады. Marvel мен Disney компаниясының әйгілі туындыларын Qazaqstan телеарнасы дубляждап, көрерменге ұсынуға дайын.

«Қара қабылан» қазақ тілінде сөйлейді

Қазіргі таңда «Чёрная пан­­тера» – «Қара қабылан», «Мстители: Война бесконеч­ности» – «Кек алушылар: шексіздік соғысы», «Человек-муравей и Оса» – «Құмырсқа адам және Сона», «В поис­ках Дори» – «Дориді із­деу­», «Суперсемейка 2» – «Су­перотбасы 2», «Книга джунглей – Джунгли кітабы», «Тачки 3» – «Көліктер 3», «Боль­­­шой и добрый великан» – «Мейірімді дию», «Планета со­кровищ» – «Қазыналы ға­ламшар», «Лис и пес» – «Түл­­кі мен ит», «Большое путешествие» – «Ғажайып саяхат», «Спасатели в Австралии» – «Ержүрек құтқарушылар», «Красавица и чудовище» – «Сұлу мен құбыжық», «Бэм­би», «Золушка» – «Күл­ше­қыз», «Спящая красавица» – «Ұйқыдағы ару», «Книга джун­глей» – «Джунгли кі­табы», «Леди и Бродяга» – «Би­­­­кеш пен қаңғыбас» көр­кем және анимациялық фильм­дерінің дубляж жұмыстары аяқталған.

Әлемдік премьераларды қазақстандық көрермендерге ана тілінде тамашалауға мүм­кіндік беруді мақсат еткен жобаға Marvel және Disney компанияларының ең танымал өнімдері сатып алынған. Бұл туралы: «Қазақстан» те­ле­ра­дио­кор­пора­циясы әлемдік туындыларды аудару үрдісін жал­ғастырады. Қазір­гі кезде Disney компания­сымен кезекті келісімшарт пакеті жүргізіліп жатыр. Әлем­дік мультипликациялық блокбастерлер мен көркем фильм­дерді қазақ тілінде ұсыну аясында жаңа жылдан бастап «Қазақстан» корпорация­сы BBC телеарнасының ең таң­даулы деректі фильм­дерін қазақ тіліне аудара бастады. BBC өнімдері Qazaqstan және Abai tv арналарының бағдарламалық кестесіне ен­гізілді», деді теле­радио­кор­порацияның Баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 2012 жылдан бері Ұлттық арна Disney ком­паниясының алтын және платина коллекциясынан 50-ге жуық туындыны аударған болатын.