Қоғам • 25 Наурыз, 2020
KAZ Minerals тобының басшылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына коронавирустық пандемияға қатысты үндеуін және атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Үкіметтің осы қиын кезеңдегі әрекеттерін қолдауға шақырғанын қолдайды.
Таным • 25 Наурыз, 2020
Ел өңірлерінде жасыл желек жайқалып, орман қаулап өсіп тұрса бұл –ең әуелі Жаратушының құдіреті, табиғаттың тамаша сыйы. Бірақ сол табиғи байлықты сақтап, дамытып отыратындар – зерделі ғалымдар. Бір ғана мысал: топырағы құрғақ, суы аз Арқа даласының тынысын кеңейту мақсатында Елбасы тапсырмасымен елорда маңында тамыр жайып, Көкше жеріне дейін ауқымы кеңейіп келе жатқан астана орманын нәрлендіріп, түрлендіріп отырған да ғалымдардың терең ізденістері мен ерен еңбектерінің жемісті нәтижесі. Осындай, іргелі істердің басы-қасында жүрген, ғылымда өз қолтаңбасын анықтап, өзіндік мектеп қалыптастырған көрнекті ұзтаз-ғалымның бірі – ормантану саласының білгірі, зиялы тұлға Сәбит БАЙЗАҚОВ.
Коронавирус • 25 Наурыз, 2020
COVID-19: ақпарат бір орталықтан тарайды
Еліміздегі коронавирусқа қатысты жұртты дүрліктіретін жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді көздеген Мемлекет басшысы ақпаратты бір орталықтан таратуды тапсырып, бұл міндетті Ақпарат және қоғамдық даму министріне жүктеді. Сондықтан да алдағы уақытта осы ведомствоның басшысы халыққа мемлекеттік комиссия, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар атқарып жатқан шаралар туралы тұрақты түрде хабарлап отырады.
Таным • 25 Наурыз, 2020
Оффлайн білім беретін платформалар
Осыған дейін сіздерге интернеттегі пайдалы дереккөздерді, ашық университеттер мен тегін курстарды ұсындық. Бірақ оның барлығына интернет-тариф керек, яғни мұның барлығын онлайн режімде оқуға болады. Сол ақпаратттарды оқыған кезде өзіңізде интернеттің жоқ екені есіңізге түсті ме? Оның да шешімі бар. Бұл – үйдегі оффлайн білім.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
Бүкіл дүниені дүрліктірген қауіпті індет барлық саланы сарсаңға салды. Соның ішінде білім беру саласы да жұмыстың жаңа форматына көшіп, жаңа кедергілермен күресуді бастады. Бәріміз білетіндей, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланып барша студенттер қашықтан оқуға көшті. Ахуал қалай, проблема қандай, шешім қайсы? Сараптап көрелік.