Еңбек • 14 Наурыз, 2024
Біржан Талғатбек – әлемдегі ең үлкен лайнердің бірін басқарады. Ойлап қарасаң, оның қолында бір уақытта 600 адамның тағдыры тұрады. Ал ең қызығы, ол ұшқыш мамандығын небәрі екі жыл оқыған.
Басылым • 14 Наурыз, 2024
Кітап шығару ісіндегі кілтипан
Басқасын қайдам, баспа ісі дамыған мемлекеттің өркениет өлкесіне өзге елден бір қадам жақын тұратыны ақиқат. Алайда нәшрияттің нәшін келтіріп, қалам иелерін халыққа таныту да – жеңіл жұмыстың бірі емес. Осы тұрғыда Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап ісін дамыту мақсатында бірқатар жобаны ұсынып отыр. Аталған жобаның маңызы мен тиімділігіне тоқталып, жазушылар мен мемлекет қызметкерлерінің пікірін таразылап көрдік.
Тағзым • 14 Наурыз, 2024
Сүйегіне сөз сіңген белгілі журналист, қоғам қайраткері Баттал Жаңабайұлының дүниеден озғанына да көп уақыт өткен жоқ. 95 жасқа қараған шағында бақилық болған сөз зергеріне деген жамбылдықтардың құрметі бөлек.
Руханият • 14 Наурыз, 2024
Адам айтса нанғысыз нәрселер болады. Біздің үйге бірінші болып Олжастың кітабы кірді. Оның Алаштан ат оздырған заңғар замандастары Мұқағали, Төлеген, Қадыр, Тұманбайлардың жазғандарын оң-солымды айырған тұста оқыдым. Қалың құмның арасындағы қазақ ауылында өскен бұл пақырыңыз онда орысшаңызды мүлдем білмейтін. Қазір де қатырғанымыз шамалы.
Туризм • 14 Наурыз, 2024
Маңғыстау – еліміздегі туризмді дамытуға әлеуеті зор облыстардың бірі. Осы саланы өрістетуге қолайлы ондыққа кіретін өңірде этнотуризмнің де салмағы басым. Тасын түртсең, тарихты ақтаратын далалық мешіттерді көруге ынтық туристердің шоғыры да қалың. Бірақ жақынды алыс ететін жол азабы сынды инфрақұрылымның ақсауы өңірдің этнотуризмнен түсетін табысын жұқартып тұр.