Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Дауыс берушілер қатары артып келеді
Ақтау қаласындағы №8 орта мектеп ғимаратында орналасқан №18 сайлау учаскесінде «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан сайлау үдерісіне бақылаушы ретінде Дариға Назарова қатысып жатыр. Оның айтуынша, атаулы күні таң қылаң бере сайлау учаскелеріне өз таңдауын жасауға беттеген халық қарасы көріне бастады. Уақыт өте дауыс берушілер қатары да арта түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Қостанайда зейнеткер алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Қостанай қаласындағы № 11-сайлау учаскесіне 2 мың 600-ден астам сайлаушы тіркелген. Бұл учаскеге тізімделген он шақты сайлаушы үйден дауыс береді. Олардың ішінде 102 жастағы кейуана бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда жасөспірім алғаш рет дауыс берді
18 жасқа толған Павлодар тұрғыны Арай Темірболат алғаш рет сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, Мәжіліс пен мәслихаттарға үміткерлерге дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінің жеке құрамы алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Әскери бөлімдегі сайлау учаскесі ашыла сала, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген барлық қатардағы жауынгерлер дауыс беруге саппен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Жаңа Парламентте кімнің болатынын халық шешеді - Ерлан Қошанов
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өз дауысын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.