Таным • 31 Наурыз, 2021
Қожа Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп атаға қатысты шежіренің бір бөлігі мен арнайы мөр басылған құжаттар табылды. Шағатай тілінде жазылған қолжазбаның ұзындығы – 3,5 метр. Тарихи жәдігерді Жүсіп атаның ұрпақтары атадан-балаға мирас етіп, көздің қарашығындай сақтап келген.
Өнер • 31 Наурыз, 2021
Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейінде ашылған «Масатыдай құлпырған...» көрмесінде кілем және тоқыма бұйымдарының саналуан түрлері келушілер назарына ұсынылды.
Саясат • 31 Наурыз, 2021
Сыбайлас жемқорлық бойынша тамыр-таныстық, араға «делдал», яғни таныс пен «көмекші» салушылардың әлі де көптігі белгілі. Мұндай әрекетті заңгерлер «бейресми жол» деп атайды. Оған ем алу немесе емделуге жолдама алу, жұмысқа орналасу, баланы балабақшаға орналастыру, жер мәселесін шешу, ХҚКО-дан анықтама алу, сессияны «жабу», салық есебін тапсыру кездерінде көп жол беріледі екен. Көп жағдайда мәселені «бейресми шешудің» бастамашылары – мемлекеттік мекемелердің қызметшілері, ал әрбір төртінші жағдайда – делдалдар екені де айтылып жүр.
Коронавирус • 31 Наурыз, 2021
Вакцина мутацияланған вирустан қаншалықты қорғайды?
Ел ішінде әлі де індетке қарсы сақтық шараларына жүрдім-бардым қарау, аурудың алдын алу, яғни екпеге мүлдем мән бермеу байқалады. Бұл вакциналау барысына бұқараның әлі де сенімінің қалыптаспағанын байқатады. Сондықтан отандық мамандар екпенің еліміздің денсаулық сақтау саласындағы маңызы зор екенін айтуда.
Парламент • 31 Наурыз, 2021
Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұлағатты іс
Сенатта «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдау өтті. Онда бүгінгідей технология қарыштап дамып, әлемдегі ақпараттық шекаралар ысырылып, әр ұлтқа тән өзіндік мәдениет жұтылып бара жатқан жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды қаймағын бұзбай сақтап, келер ұрпаққа дәріптеудің маңызы сөз болды.