Бағдарламалар • 07 Наурыз, 2018
Берекелі бастамалардың берері мол
Жұрт жағдайын жақсартатын жобаларға жол ашылды Еліміздегі әр азамат мемлекеттің қорғауы мен қолдауын және қамқорлығын сезінетін жағдайға жету – орындалмас арман, қол жетпес сағым емес екен, бұйыртса, жуық жылдарда жүзеге асатын жоталы жобалардың қатарына енгенін естіп-көріп, шынын айтсам, балаша қуандым. Президент Н.Назарбаевтың Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, жұртшылықтың әл-ауқатын жақсартуға жаңа бетбұрыс басталғанын жариялауы қоғам өміріне наурыздың жаңа лебіндей әсер етті. Елбасы өз Үндеуінде ұсынған 5 бастамасының баршасы мән-мағына, маңызымен жүрекке жылы тиіп, көкейге қонды.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Маңғыстау облысы ішкі істер органдарында қызмет ететін қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылған «Мерген қыздар» сайысына ішкі істер департаменті басқармаларынан 26 қызметкер қатыстырылды. Оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған сайыста нәзік жандылар өз біліктілігін сынға салды.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының үндеуі
Таным • 07 Наурыз, 2018
Астананың арай шашқан айшықтары
Метрополитен ішіндегі менмұндалаған әдемі әлем көпшілікті еріксіз баурайды. «Алмалы» стансасындағы арай шашқан бұл көрмеде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына бағытталған шығармалардың тарихи, заманауи тақырыптағы ең үздік деген картиналары мен мүсіндері қойылып отырғанын тілге тиек етеміз.
Үкімет • 07 Наурыз, 2018
Тапсырмалар мүлтіксіз орындалуы тиіс
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру жайы, сондай-ақ 2013-2017 жылдарға арналған Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы және 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасы қаралды. Бастамаларға басымдық беріледі.