Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қыз-келіншектер мен аяулы аналарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтау кезінде осындай деректер келтірді. Ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, облыстық ассамблея өкілдері, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, облыстың аудан, қалаларынан түрлі салада қызмет ететін қыз-келіншектер қатысқан салтанатты жиында өңір басшысы үйдің де, түздің жұмысын қатар алып, қоғамда айрықша белсенділігімен көзге түсіп жүрген 33 әйелді марапаттады.
Оның 5-іне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі берілсе, 14-іне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасы, 9-ы облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Ал, 5 ананың кеудесіне «Алтын алқа» төсбелгісі тағылды. Сондай-ақ, әкім салтанатты шараға келген басқа да қыз-келіншектерге сый-сияпат жасады.
Сондай-ақ, нәзік жандыларға арнайы ақ дастархан жайылып, «Әйел – ана – өмірдің өзегі» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»