Мұндай жауапты лауазымға Қазақстанның сайлануы ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қолайлы инвестициялық климат құру және Қазақстандағы қызметтер нарығын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан реформаларға сенімін дәлелдейді.
Қазақстанның БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанованың айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан қаржылық, телекоммуникациялық және энергетикалық қызметтер сияқты негізгі экономикалық секторларға шетелдік компанияларға қол жеткізу үшін отандық қызметтер нарығын кезең-кезеңмен ырықтандыруға қатысты айтарлықтай міндеттемелер алды.
Бұл тұрғыда, Төрағалық барысында Қазақстан жаңадан қосылған елдер үшін тең бәсекелестік жағдайларды жасауға ұмтылатын болады және ДСҰ-ға құрушы елдердің қызмет секторын одан әрі ырықтандыру бойынша міндеттемелерін қабылдауына ықпал етеді.
Қызмет көрсету нарығы ДСҰ-ға мүше елдердің экономикаларын дамыту үшін үлкен маңызға ие екенін атап өткен жөн. Мәселен, 2017 жылы әлемдік ЖІӨ-дегі қызметтердің сауда үлесі 70 пайызды құрады. Қазақстанның ЖІӨ құрылымында қызмет көрсету саласының көлемі 57 пайызды құрайды.
Сауда жөніндегі Кеңестің арнайы сессиясы ДСҰ-ға мүше елдердің қызметтер нарығына қол жеткізу үшін жағдайды одан әрі ырықтандыру үшін келіссөздер процесін үйлестіруге жауапты.
Атап айтқанда, Кеңес шеңберінде келесі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізіледі:
- қызмет көрсету саудасын, оның ішінде қызмет көрсетушілерге рұқсат беру және лицензиялау процедураларыy жеңілдету;
- электрондық коммерция саласын реттеу;
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі және қызмет көрсету секторындағы субсидиялар ұсыну және т.б.