Елорда • 17 Наурыз, 2022
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Жалынды жастар ынтымағы» республикалық форумы өтті.
Руханият • 17 Наурыз, 2022
Әр халықтың өз бесік жыры болады. Сол бесік жыры – ұлттық болмысты қалыптастырудың алғашқы факторы. Баланың болмысы, табиғаты, таным-түсінігі, дүниені қабылдауы мен сезім-түйсігі бесік жырынан бастау алатынын аңғару қиын емес. Бесік жырында сол халықтың салт-санасы, тарихы мен тағдыры, арманы мен үміті тұрады. Дүниеде барлық ұлы музыкалық шығармалар, халық композиторларының туындылары, тіпті танымал әндер де бар адамзат баласына ортақ дүниеге айналып жатады. Қазақтың әнін біздің Димаш Құдайберген арқылы қырық халықтың ыңылдайтыны секілді, біз де дүние халықтарының әндерін айтып, тыңдап, көңіл бағында көктем құстарын сайратып жүреміз. Тек, бесік жыры ғана ортақ болмайды екен. Әр халықтың өзіне ғана тән бесік жыры бар, ол – сонікі, жалғыз сонікі.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Иен жерге ие көбеймесін десек, жабылған шекаралық аудандарды қалпына келтіру керек
Егемендіктің таңсәрісінде еліміздің экономикасы тұралап, барлық байланыстар үзіліп қалған кезде оңтайландыру саясаты жүргізіліп, 1997 жылы облысқа облыс, ауданға аудан қосылғаны аян. Сол қиын-қыстау кезеңде билік басындағылар мәселенің байыбына бармастан шекаралық аудандарды жауып, оларды көрші аудандардың қанжығасына бөктеріп жіберген. Алпауыт мемлекеттер өз шекараларын барынша бекітіп, қақпасына құлып салып жатқанда, Қазақстан шекаралық аудандарды таратып, саналы түрде ел іргесін жалаңаштап қойды.
Экономика • 17 Наурыз, 2022
Алкоголь өніміне акциздер бойынша өзгерістер бар
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне алкоголь өніміне салынатын акциздерге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Жаңартылатын энергия көздері нысандарының жұмысы жүйеленді
2022 жылдың басындағы деректер бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жалпы белгіленген қуаты 2010 МВт болатын 134 нысаны жұмыс істейді. Осы нысандардың (күн электр стансалары (КЭС), жел электр стансалары (ЖЭС), биогаз стансалары (БГС), шағын ГЭС) электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылы 4 220,3 млн кВтс құрап отыр. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту» департаменті дайындаған Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көздері нарығына шолуда айтылған.