Пікір • 14 Наурыз, 2024
Бұйырса, бүгін Ұлық Ұлыс немесе Алтын Орданың әз шаһары Сарайшық жұртында – Атырауда Ұлттық құрылтай үшінші жиынының секциялар жұмысы басталады. Ертеде Жайық ағыны қатты, айдыны шалқар Ұлы Су аталыпты. Араб саяхатшысы Әбу әт-Тәнжи яки Ибн Батутта: «Дүниеде Бағдаттан кейін жүзбелі көпірді осы Сарайшықтан көрдім. Отыз сарайы, төрт мешіті көз жауын алады» деп жазыпты. Осы шаһар қорымында Мөңке Темір, Тоқта хан, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Шаһ Мамай, Жүсіп хан сынды жеті қағанның сүйегі бақилық мекенін тапқан. Мұны пантеон десек те болады. Сарайшық – биыл 800 жылдығы аталып өтіп жатқан Жошы ұлысының осы өңірдегі Сарай Бату мен Сарай Беркеден кейінгі үшінші ірі орталығы.
Мереке • 14 Наурыз, 2024
Көрісу күні: Қырдағы ел ойдағы елмен араласып...
Мемлекет басшысы елдің жаңаруы аясында Наурыз мерекесінің форматын өзгерту қажеттігін көтергені мәлім. Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы» деген еді.
Шаруашылық • 14 Наурыз, 2024
Мал азығының сапасын арттыратын өнім
Қазақ ашытқыны нан пісіргенде ғана қолданатынын білетінбіз. Апаларымыз сүтке қосып, сосын үстіне ұн себелеп илейтін. Ашытқы қосылған соң, иленген нан бұрынғыдай емес биік болып күмпиіп, көтеріледі. Пісіргенде исі де жай қамырдікіне қарағанда анағұрлым жақсы болып, тәбетті аша түсетін.
Экспорт • 14 Наурыз, 2024
ОПЕК мұнайға сұраныс болжамын өзгертпеді
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мұнайға деген әлемдік сұранысқа қатысты өз бағалауын өзгеріссіз қалдырды. Бірақ биылғы инфляцияның және пайыздық мөлшерлемелердің күтілетін төмендеуі фонындағы экономикалық болжамды біраз жоғарылатты.
Экономика • 14 Наурыз, 2024
«Қазіргідей жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында Еуразияның жаңа көлік-логистика жүйесі құрылып жатыр. Бұл процесте Қазақстан мен Әзербайжанның тығыз әрі табысты ынтымақтастығы басты рөл атқарады» деді Мемлекет басшысы Әзербайжанға барған сапарында. Расында, бүгін Еуразияның экономикалық серпілуінің бастауында Қазақстан мен Әзербайжан тұр. Тап қазір екеуінің тізе қосып, іргелі істер атқаруы өңір үшін өлшеусіз пайда әкеледі. Биыл былтырғыдан да жемісті жыл болады. Ал ондаған жылдан кейін Еуразия мен жаһан арасын жалғайтын Транскаспий қантамырының қалай бүлкілдеп жататынын айтсаңызшы.