Қоғам • 17 Наурыз, 2022
Энергия жүйелеріндегі апаттың себебі анықталды
«Энергия» үйлестіру диспетчерлік орталығының арнайы комиссиясы 2022 жылғы 25 қаңтарда болған апатқа қатысты тергеу-тексеру жұмыстарын аяқтады. Оның құрамына Орталық Азияның, атап айтқанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның энергия жүйелері жүйелік операторларының өкілдері кірген болатын. Бұл туралы KEGOC АҚ хабарлады.
Әлем • 17 Наурыз, 2022
Украина-Ресей: Келісімге үміт бар
Екіжақты келіссөзде бейбіт келісімге келуге аз да болсын үміт бары айтылғанымен, Украина қалаларына шабуыл тоқтамай тұр. Украина президенті Володимир Зеленский екі аптада екінші рет АҚШ Конгресінің алдында сөз сөйледі. Бұл жолы ол сөзін халыққа арнады. Сауалдамалар көрсеткендей, америкалықтар Украинаға шын қолдау көрсетіп отыр, ал әскері бұл соғысқа араласпайтыны анық болды.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Жалған транзит пен импортты жоюға көмектеседі
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісім мәтініне қол қою рәсімі өтуде. Келісім күшіне енген соң пломба салынған көліктер бір маршрут бойында ЕАЭО-тың әр елінде бірнеше рет тексерілмейді, ол бизнес үшін қосымша әкімшілік кедергілерді алып тастауға ықпал етеді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Мобильді қоғамдық қабылдаулар басталды
Amanat партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Бұл бастама партияны трансформациялау жұмыстарының азаматтармен кері байланысты күшейту тармағының аясында жүзеге асырылуда. Бірінші болып Қарағанды және Ақмола облыстарының 10 шалғай елді мекенінде мобильді қоғамдық қабылдаулар ашылды.
Пікір • 17 Наурыз, 2022
Халық кірісін арттыру – маңызды міндет
Президент Жолдауда негізінен саяси реформаларды таныстырды. Дегенмен экономикалық жетістіктер тізбегінің де бірінші кезекте саяси батыл шешімдерге берік байланысты екенін ешкім де жоққа шығармас. Мемлекет басшысы осындай ұстанымды басшылыққа алып отырған сияқты.