Пікір • 17 Наурыз, 2022

Халық кірісін арттыру – маңызды міндет

385 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент Жолдауда негізінен саяси реформаларды таныстырды. Дегенмен экономикалық жетістіктер тізбегінің де бірінші кезекте саяси батыл шешімдерге берік байланысты екенін ешкім де жоққа шығармас. Мемлекет басшысы осындай ұстанымды басшылыққа алып отырған сияқты.

Халық кірісін арттыру – маңызды міндет

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тез арада дағдарысқа қарсы шаралар пакетін әзірлеуді тапсырды. Сонымен бірге ұлттық валютаның орнықтылығын қам­тамасыз етуді де тапсырды. Бұл шара­лардың орындалуы экономикалық қауіп­с­іздіктің кепілі боларын да атап өтті. Жалпы, соңғы 3 жыл көлемінде халық­тың нақты табысының төмендеп кет­кені белгілі. Цифрмен айтар болсақ, 2019 жылы 6,4 пайыздан 2021 жылы 3,1 па­йызға дейін құлдыраған. Табыс нелік­тен төмендеді? Біріншіден, пандемия жылынан бастап экономикалық өсім баяулады және инфляциялық қысым күшейді. Кәсіпкерлік субъектілерінің эконо­ми­калық белсенділігі және жұмыс­пен қамту жағдайлары нашарлады. Жа­қын­да Үкімет халықтың әл-ауқатын арттыру бағ­дарламасын қолға алатынын мәлімдеді.

Жалпы, бағдарламада 80 іс-шара қарастырылған. Оның өзін екі топқа бөліп қарастыруға болады – тікелей және жанама әсер етуші факторлар. Тікелей шаралар бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған. Жанама шаралар халықты жұмысқа орналастыру, кәсіп­тік даярлау (қайта даярлау), өзін-өзі жұ­мыспен қамту, өңдеу өнеркәсібі және кә­сіп­керлік кәсіпорындарының өнім­ділігін арттыру кезінде жәрдемдесу есе­­бі­нен кірістердің өсу мүмкіндіктерін ке­­ңей­туге, яғни еңбек және кәсіпкерлік кіріс­тер­ді арттыруға бағытталған. Бұл ретте ақпа­раттық-түсіндіру жұмыс­тары­ның да мәні зор. Яғни азаматтардың қар­жы­лық са­уат­тылығын арттыруға мүмкін­дік бере­тін фильм, бейнероликтер де дайындалады.

Қазір көпшіліктің қиын экономика­лық жағдайда отырғаны белгілі. Соңғы дерек бойынша елімізде 6,3 млн адам банкке қарыз екен. Бұл дегеніңіз экономикалық белсенді халықтың 68,5 пайызы. Бұл ретте банктердің проб­ле­малық қарыздары­ның барлық көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті. Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министр­лігі­нің деректері бойынша 73,3 мың жас жұмыссыз жүр. Жыл сайын түлек­тер­дің шамамен 50 пайызы жұмысқа тұр­майды, жұмысқа орналасқан түлектердің 40,1 пайызы мамандығы бо­йынша жұмыс істемейді, жоғары білімі бар тіркелгендердің 23 пайызы білік­тілігі төмен жұмысқа орналас­қан. Ал жас­тар­дың 34,1 пайызы мамандықты өз бетін­ше таңдамаған. Бұл деген, әрине, аса жа­ғым­сыз статистика. Осы орайда оқу­шылар­ға мамандық таңдауда көмек көрсету үшін кешенді кәсіптік бағдар беруді енгізу өте маңызды. Атап айт­қанда, кәсіпорында маманның мансаптық өсу нұсқаулығын әзірлеу; орта білім беру ұйымдарында «педагог-кәсіптік бағдар беруші» штат бірлігін енгізу; кадр­ларға қажеттіліктің 17 өңірлік карта­сын жасау; кәсіпорындардың өтінім­дері бойынша техникалық және кәсіп­тік мамандықтарда 70 мың оқушы­ға дейін кадрлар даярлау; кәсіпорын­дар мен құзы­рет­тер орталықтары базасында 1 мың­нан астам арнайы пән оқытушыларын тағылымдамадан өткізу; кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеудің ерекше маңызға ие екенін айтқым келеді.

Қорытындылай келе, кірісті арттыру – бір құжаттың міндеті емес, Ұлттық жобалардан, тұжырымдамалардан және 2025 жылға дейінгі даму жоспарларынан бастап бағдарламалық құжаттардың кең тізбесінде қамтылған Үкіметтің бар­лық іс-қимылдарының жиынтығы еке­нін атап өткен жөн. Осылайша, Үкіметтің Халықтың табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру 2 млн-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

 

Ерділдә ТӘУТЕНОВ,

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры