Оқиға • 05 Тамыз, 2024

Ғұсман Қырғызбаевқа жаңа әскери атақ берілді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең жазғы Олимпиада ойындарында тамаша өнер көрсеткен дзюдошылар елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғұсман Қырғызбаевқа жаңа әскери атақ берілді

Фото: Қорғаныс министрлігі

Команда құрамында Қазақстан дзюдошысы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар.

Айта кетейік, аға лейтенант Ғұсман Қырғызбаев - Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі.

«Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның егіз сыңары, Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы - аға жаттықтырушысы Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын беріледі», деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 66 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Сербиядан келген спортшы Страхинья Бунчичті жеңіп, қола медаль жеңіп алған еді.