Тарих • 19 Наурыз, 2019
Әлихан Бөкейханға арналған музей ашылды
Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейде Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның музейі ашылды. Салтанатты шараға алаштанушы-ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай, әлихантанушы, ғалымдар Сұлтанхан Аққұлы мен Дихан Қамзабекұлы, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері жиналды. Олардың ішінде 94 жастағы Әлиханның жиені, Ортай Әбдірахманов та болды.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2019
Шымкенттегі № 54 орта мектепте оқушылар жаппай уланып қалды
Шымкенттегі «Ынтымақ» шағынауданында орналасқан № 54 орта мектепте белгісіз этиологиядан балалардың жаппай улану оқиғасы орын алды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Қазақстан • 19 Наурыз, 2019
Семейде темір құрамдас затты заңсыз шығармақ болған адам ұсталды
«Семей» тексеріп-өткізу пункітінің «Үбе-авто» бөлімшесінде 39 жастағы ресейлік ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 19 Наурыз, 2019
Дәрі-дәрмек бағасы назарда ұсталады
Орталық коммуникациялар қызметінде Дәрілік заттардың айналымы және дәрілермен қамтамасыз ету өтінімдері туралы баспасөз конференциясы өтті. Жиында Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің өкілдері дәрі-дәрмек бағасын назарда ұстайтындықтарын айтты.
Қайырымдылықтың үлкені – кәсіпке баулу
Маңғыстау кәсіпкерлері жетпесті жалғап жіберу, сүрінгенді демеп жіберу сынды ізгілікті істердің қасынан табылады. Ізгі ниет, қайырымды пейілдерінен жаңылмаған олар биыл мейірімге толы шаруаны тағы қолға алды. Енді кәсіпкер құрылысшылар өңірдегі әлеуметтік ахуалы мәз емес 300 отбасыны өз қамқорлықтарына алып, оларға бір жыл бойы тұрақты көмек көрсетуге бел буды. Бұл үшін арнайы «Жақсылық жаса, қайырымы қайтар Алладан» атты акцияны қолға алып, Амал мерекесі қарсаңында өз жұмыстарын Жаңаөзен қаласынан бастады.