Қазіргі таңда елімізде жұмысшы мамандықтарына деген сұраныстың арта түскені байқалады. Мемлекет басшысы білім саласына қатысты биік мінберлерден сөйлеген сөздерінде кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттігіне назар аударып келеді. Түптеп келгенде, мұның өзі осы кәсіп түрлерінің мамандарын даярлайтын орта арнаулы оқу орындары мәртебесінің көтерілуіне де ықпалын тигізеді. Бүгінде тігінші, етікші, аспаз немесе дәнекерлеуші болу – арланатын емес, жұмысшы адамды ештеңеден тарықтырмай, асырайтын табыс көзіне айналды.
Павлодарда металлургтер мен мұнайшылар бірлесе қолдау білдірді
Облыс орталығында өткен шараға қатысқан «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-тың металлургтері Астана атауының өзгеруі- еліміздің Тұңғыш Президентіне көрсеткен құрмет деп санайды.
Алматыда 17-20 наурыз аралығында жоғары сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен Абай атындағы І республикалық олимпиада өтті. Алғашқы олимпиадаға 11 облыстан 77 дарынды оқушы қатысты. Айтулы оқиғаға ұйытқы болған Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаты өңірлік іріктеу байқаулары арқылы ауылдағы таланттарға қолдау көрсетуде. Осы ретте аталған мектеп-интернат директоры Роза СЕКСЕНОВАМЕН әңгімелескен едік.
Заңсыз тауар тасымалдаған қазақстандықтар ұсталды
Кеше түнде Қорғастық шекарашылар жалпы құны 6 950 000 теңгенің тауарын елімізге контрабандалық жолмен енгізбек болған үш Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов бастаған университет делегациясы М.И.Ломоносов атындағы ММУ-де (Мәскеу қ., РФ) өткен «Университеттер, қоғам және адамзат болашағы» халықаралық форумына қатысты. Жетекші жоғары оқу орны басшысының «Жаңа ұрпақ университеті: 4.0 траекториясы» тақырыбындағы баяндамасы форумға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.