Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Төрткүл дүниені тегіс елеңдетіп отырған жаман аурудың лебі Ақмола облысына да келіп жетті. Соңғы дерек бойынша облыстың 11 адамы коронавирус дертіне шалдыққан. Енді етек-жеңімізді қымтамай болмайтын түрі бар. Наурыздың 31-і күнгі күндізгі сағат 15:00-ден бастап облыс аумағында уақытша сипаттағы карантинді шектеу шаралары енгізілді. Осы жағдайға байланысты облыс әкімі Ермек Маржықпаев облыс тұрғындарына үндеу жариялады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Қарақияда заңсыз бекіре тұқымдас балық саудалағандар ұсталды
28 наурыз күні кешке Қарақия ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі облыстық Департаменттің Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп өткізген жедел-алдын алу шарасы кезінде «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Батыс Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған 18 адам қамалған
Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын бұзғаны үшін өңірде 32 адам жауапкершілікке тартылып, 18 адам қамалғанын хабарлады.
Спорт • 30 Наурыз, 2020
БАҚ: Қанат Ислам әлемнің экс-чемпионымен жұдырықтасады
Орта салмақтағы танымал қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі қарсыласы белгілі болды. RingPolska басылымының жазуынша, отандасымыздың қарсыласы әлемнің экс-чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (34-0, 28 КО) болмақ.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Айласын асырған әккі қылмыскер қолға түсті
Петропавлдың полициясы ауылдың талай адамын алдап, оларға несие ресімдеп, оны қақшып кетіп отырған әккі алаяқты қолға түсірді. Алаяқ сауда орталығының маңына келген ауыл адамдарына жұғыса кетіп, әңгіме қозғап, ауырып жатқан туысының қиын халін айтып, ауылдық ақкөңіл ағайынның аяныш сезімін оятқан және соған дәрі алатын ақша болмай тұрғанын да жеткізіп, мүләйімсіген.