Қызылорда облысының Жалағаш елді мекенінің тұсында болған авиациялық апаттың салдарынан 13 әскери қызметші көз жұмды. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 29 Наурыз, 2019
Антибиотиктерден келетін қауіп қандай?
Жыл сайын әлем бойынша дәрігерлер 154 миллион антибиотик жазып береді екен. АҚШ-тың Ауруларды емдеу және бақылау орталығының мәліметіне сүйенсек, соның 30 пайызы қажетсіз көрінеді. Антибиотиктерді осылайша шектен тыс көп пайдалану супер-бактериялардың пайда болуына әкеліп соғып, адамзатқа қауіп төндіреді.
Ақтөбеде «Қарапайым заттар экономикасы» атты жобалық кеңсе жұмысын бастады
Кеңсе жұмысы, негізінен, өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыруға бағытталған. Ақтөбе облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында жұмыс істей бастайтын кеңсе құрамына облыс әкімдігі мен «Даму» қорының өкілдері кірді. Жобалық кеңсе қызметінің негізігі мәселелері жөнінде БАҚ-қа арналған брифингте «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова мен «Даму» қорының АФ директоры Берік Нұрғалиев айтып берді.
Болот Шәмшиев: Режиссерлер арасындағы сабақтастық үзіліп қалды
Қырғыздың дарынды режиссері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Болот Шәмшиевпен сұхбатымыз қазақ-қырғыз режиссерлері мен жазушылары арасындағы ұлы достықтың киноға әсері тақырыбында өрбіді.
Арқа жұрты биыл көктеммен ерте қауышқаны көрініп тұр. Қасат қардың көбесін қақырата сөккен мизамшуақ маңайды мамыражай маусымға шомылдырып, майдың желі жұмсақ еседі. Бозторғайдың сиқырлы әуені боз қыраттарды сырлы сазға бөлеп, Сарыарқаның кең жазирасы осы жатқанда Тәттімбеттің шертпе күйлеріндей төгіле, Қоянды жәрмеңкесінде Біржан ән салып жатқандай тербеледі. Қырдың қазағы малын әлдеқашан далаға жайып, тірлігі көп-көрім оңалып қалғаны да байқалады. Аңғарған жанға дала тынысының өзінен сол мекенді қоныс еткен әлеуметтің көңіл күйін барынша шамалау қиын емес. Байтақтың төсі ән салып жатса, оны жайлаған жұрттың да көкірегінен тұнық әндер еркін төгілетіні белгілі.