Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Әр пәтерден бір адам ғана сыртқа шығады
Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан екі адам тұратын үйлер карантинге алынып, ондағы пәтер тұрғындарының өз үйіне кіріп-шығуы шектелді. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, әр пәтерден бір адам ғана дүкенге немесе дәріханаға бару үшін шыға алады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Атырау: Тұрақтандыру қорына қосымша 17 115 тонна ұн сатып алынады
Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мәліметіне қарағанда, қазір 8 наубайхана үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Бұларда тәулігіне 40 мың бөлке нан пісіріледі. Ал, «Дәулет Нан» ЖШС-нің нан пісіру цехы өндіріс қуатын ұлғайтуды көздеп отыр. Мұнда осы кезге дейін тәулігіне 7 мың бөлке нан пісірілген. Енді бұл көрсеткішті тәулігіне 15 мыңға дейін көбейтпек.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Шымкентте санитарлық нормаларды бұзған кәсіпкерге хаттама толтырылды
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28-ші наурызында түнгі сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді. Талапқа сай, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді.
Елорда • 30 Наурыз, 2020
Елордаға бір күнде 300 мыңнан астам маска әкелінді - Б.Мәкен
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.
Қаржы • 30 Наурыз, 2020
Алматы банктері өз қызметін уақытша тоқтатты
Бүгіннен бастап Алматы қаласындағы екінші деңгейлі банктер өз қызметін уақытша тоқтатты. Бөлімшелер 5 сәуірде қайта ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.