Қазақстан • 10 Наурыз, 2022
Менің түсінігімде Жаңа Қазақстан – баянды ел, мемлекет құру. Себебі өмірдегі баяндылық орнықтылық пен тұрақтылықты, тиянақтылық пен тыңғылықтықты, тұрлаулылықты аңғартады. Ол сонымен қатар нәтижелілік, жемістілік, игілікті білдіреді және ең маңыздысы, бұл – осылардың бәрінің ұзағынан болуын көздейтін терең философиялық мәні бар ұғым. Ендеше, қазақ жұртының алдында ауқымды мүдделі меже-міндеттердің тұрғаны айдай аян.
Өнер • 10 Наурыз, 2022
Жақында Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінің қоры Қытайдың танымал композиторы Сянь Синхайдың 1916 жылғы Торғайдағы Ұлт азаттық көтерілісінің бас сардары Амангелді Иманов туралы симфониялық поэмасының көшірмесімен толықты. Бұл жәдігерді музейге Арқалық шаһарының тұрғыны Жұпар Таткенова табыс еткен.
Руханият • 10 Наурыз, 2022
Атыраудан ауылға қарай бет алсам, ұзын жолдың 827-шақырымындағы «Сүлеймен ата» деген бағыттама қалың ойға батырып, есіме еріксіз өткен бір жайды оралтады. Оның бәрі ел басына төнген отызыншы жылдардағы нәубет салқыны еді. Сол ызғар талайды атажұрттан ажыратты, адастырды, тамырынан қиды.
Руханият • 10 Наурыз, 2022
Таулы Алтай Республикасына қарасты курортты аймақ Майма ауданы аумағында Манжерок атты шағын кент бар. Қалашықтың іргесі 1856 жылы қаланған дейді. Ауылды жанай тасқыны қатты Қатын өзені ағып жатыр. Өлкенің табиғаты көрген жанды тамсандырмай қоймайды. Көкпен таласқан ақ самырсын мен бал қарағайы, таудан құлап аққан мөлдір бұлақ сулары, тума табиғаттың саф ауасы... жанға шипа, дертке дауа.
Қазақстан • 10 Наурыз, 2022
Қазақстанда киік аулауға рұқсат беріле ме
Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары ақбөкен саны күрт көбейіп, ауыл шаруашылығымен айналысатын қожалық иелері тарапынан наразылық күшейген еді. Өңірде өткен жылдың соңына дейін құрылады делінген «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты да әлі ашылған жоқ.