Қазақстан • 30 Наурыз, 2020
Медициналық маскалар мен дезинфекциялау құралдарын өндіру қалай жүзеге асуда
2020 жылдың 28 наурызында маскалар өндірісінің тәуліктік көлемі 773 мыңды құрады, оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар – 228 мың, тігін кәсіпорындары – 545 мың, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамаққа алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 28 наурызда Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат берген. Бұл туралы Қызылорда облыстық соты баспасөз қызметі хабарлады.
Білім • 30 Наурыз, 2020
Ақтаулық мұғалімдер ағылшын тілінен видеосабақтар дайындады
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Асел Батталова, Хурия Павиз, Алтын Келимбердиева және Нұрзада Ермаганбетова Виртуальды мектепке арналған видеосабақтар түсірді. Жалпы білім беру оқушыларының 5-сынып оқушыларына арналған видеосабақтар ағылшын тілі пәнінен түсіріліп, vs.nis.edu.kz сайтына жарияланды. Бұл материалдар үміткерлерге Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсуде көмек береді, деп хабарлады аталған мектептің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Шыңғырлаулық кәсіпкер жауапқа тартылды
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық соты төтенше жағдай режимін бұзған жеке кәсіпкерге айыппұл салып, дүкендегі алкогольдік ішімдіктерді тәркіледі және 1 ай мерзімге лицензиясынан айырды.
Қоғам • 30 Наурыз, 2020
Карантин кезінде қосымша білім беретін платформалар
Қосымша білім әрқашан өзінің маңыздылығын жойған жоқ. Әлемдегі көптеген танымал тұлғалар өзінің қосымша ізденуі, білім алуы арқылы не нәрсеге талантты екенін тапқан және жетілдірген.