Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамаққа алынды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 28 наурызда Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат берген. Бұл туралы Қызылорда облыстық соты баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамаққа алынды

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Сот өтінішті қанағаттандырып, Қуанышбек Ысқақов үй қамаққа алынған.

«Үй қамақ бұлтартпау шарасының 2 ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген»  деп хабарлады Қызылорда облыстық соттың баспасөз қызметі.