Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Медициналық маскалар мен дезинфекциялау құралдарын өндіру қалай жүзеге асуда

406 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылдың 28 наурызында маскалар өндірісінің тәуліктік көлемі 773 мыңды құрады, оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар – 228 мың, тігін кәсіпорындары – 545 мың, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Медициналық маскалар мен дезинфекциялау құралдарын өндіру қалай жүзеге асуда

Ақпарат «СК-Фармация» ЖШС-не беріледі, олар медициналық маскаларды жүзеге асырады. Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді еліміздің өңірлері бойынша бөледі. Дәке және мата маскалары жергілікті атқарушы органдармен шарт негізінде сатылады.

Сонымен қатар, «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында «Mega Pharma» ЖШС фармацевтикалық кәсіпорны Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына тегін 100 000-нан астам медициналық маска таратты.

Түркістан облысы, Кентау қаласында еріктілер ұйымдары 20000 бетперде таратты.

Бүгінгі күні медициналық маскаларды өндіру жұмыстары отандық кәсіпорындармен тәулік бойы жүргізіледі: «Dolce» ЖШС (Алматы обл.), «Super-pharm» ЖШС (Жамбыл обл.), «Mega Pharma» ЖШС (Жамбыл обл.), «Medical Active Group» ЖШС (Алматы қ.), «Мерусар» ЖШС (Павлодар қ.), «ТК-Фарм Ақтөбе» ЖШС (Ақтөбе қ.).

Сонымен қатар маскалар өнідірісіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 70-тен астам тігін кәсіпорындары тартылды: «Dalatex» ЖШС (Қызылорда қ.), «Большевичка» ЖШС (Қостанай қ.), «Эко-Фарм» ЖШС (Шымкент қ.), «Ас Фарм» ЖШС (ШҚО), «Тыныс» АҚ (Көкшетау қ.), «КазЛегПром» ЖШС (Алматы қ.), «Жанарыс» ЖШС (Маңғыстау облысы). және т. б.

Бүгінде барлық фармацевтикалық және тігін кәсіпорындарының қуаты толық жүктеме кезінде тәулігіне 1 млн.маскаға дейін өндіруге мүмкіндік береді.

Тігін және фармацевтикалық кәсіпорындарды маскалар өндірісі үшін шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Azala Textile» ЖШС-мен бірлесіп дәке өндірісін іске қосу мәселесі пысықталды. Бүгінгі күні қуаттылығы тәулігіне 3,6 мың селдір мата шығаратын 3 станок іске қосылды және жұмыс істейді.

Өндірістік цикл мемлекетаралық стандартқа сәйкес жолға қойылған (МЕМСТ 9412-93 медициналық дәке). Сондай-ақ кәсіпорын төмен тығыздықтағы ағартылған мақта матасын шығарады.

Бұл ретте, мақта маталардан көп рет пайдалануға арналған бет (қорғаныш) маскаларын өндіру және өткізу тіркеуді және лицензияның болуын талап етпейді, себебі өнімнің бұл т үрі медициналық бұйым болып табылмайды және ЕАЭО ТР 019 «Жеке қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы» объектілеріне енбейді.

Кәсіпорындар егер өнім техникалық регламенттердің қолданысына түспесе, өз тауарларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымның стандарты бойынша шығаруға және өткізуге құқылы.

Тігін кәсіпорындары көп рет қолданылатын 4, 8, 16 қабатты маскалар шығарады, олар өз кезегінде медициналық маска сияқты қолданылып, жұқпалы бөлшектердің  таралуына кедергіні қамтамасыз ету ретінде профилактикалық қорғау мақсаттарында пайдаланылады. 

Дезиинфекциялық құралдар туралы айта кетсек, ағымдағы жылдың 28 наурызында 94 332 литр өндірілген, қоймада 144 200 литр, дәріхана желілеріне, көшелер мен үй – жайларды дезинфекциялау үшін-100 093 литр тиелген.