Спорт • 04 Наурыз, 2024
Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Жекелеген сайыста Қазақстанның туы астында Олег Мельников пен Екатерина Балюба өнер көрсетті. Өкінішке қарай, екеуі де үлкен сынаққа дайын болмай шықты.
Жекпе-жек • 04 Наурыз, 2024
Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-мен келісімшартқа отырғанына тура бір ай өткен соң, Бекзат Алмахан октагонға шықты. Бұл жолы ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ресейлік Умар Нұрмагомедовпен айқасты.
Күрес • 04 Наурыз, 2024
Лос-Анджелесте атой салған балуан
1984 жылы Лос-Анджелесте алауы тұтанған Олимпия ойындарына КСРО-дан бастап, Ангола, Ауғанстан, Болгария, Мажарстан, Вьетнам, ГДР, Йемен, Солтүстік Корея, Куба, Лаос, Моңғолия, Польша, Чехословакия және Эфиопия секілді социалистік бағыттағы бірқатар мемлекет бойкот жариялағаны белгілі. Румыния өз елінің емес, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) туы астында бейтарап команда ретінде өнер көрсетті. Олардан бөлек, Жоғарғы Вольта, Иран, Ливия және Албания да АҚШ-қа барудан бас тартты.
Спорт • 04 Наурыз, 2024
Дзюдодан Ташкенттегі Гран-при турнирі өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні тағы бірнеше балуанымыз татамиге шыққанымен, барлығы да бастапқы бәсекеде сүрінді.
Тағайындау • 04 Наурыз, 2024
Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімін Перизат Сәдуақас басқарады
Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров ұжымға жаңадан тағайындалған Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақасты таныстырды, деп жазады Egemen.kz.