Спорт • 04 Наурыз, 2024

Ташкенттегі турнир аяқталды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Ташкенттегі Гран-при тур­нирі өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні тағы бірнеше балуанымыз татамиге шыққанымен, барлығы да бастапқы бәсекеде сүрінді.

Ташкенттегі турнир аяқталды

Атап айтсақ, тұсаукесер кездесуде Ерназар Сәрсенбаев (100 кг) Арман Ада­мяннан (Ресей), Нұрлыхан Шархан (100 кг) Рустам Шорахматовтан (Өзбекстан), Ғалымжан Қырықбай (100 кг) Эмирхан Жолдашқазиевтан (Қырғызстан), Назгүл Маратова (+78 кг) Джованна Сантостан (Бразилия) және Кәмила Берліқаш (+100 кг) Самира Буигарннан (Бразилия) ұтылды. Екінші кезеңде Айдар Арапов (90 кг) Ивайло Ивановқа (Болгария), Құдірет Досымов (90 кг) Михаил Игольниковке (Ресей), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) Инал Тасоевқа, Маргарита Гриценко (78 кг) Индар Ланирге (Израиль) және Аруна Жангелдина (78 кг) Рика Такаямаға (Жа­пония) есе жіберді.

Сөйтіп, Өзбекстанның бас шаһарындағы турнирде отандық дзюдошылардың арасынан Әбиба Әбужақынова ғана жеңіс тұғырына көтерілді. Аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен ол күміс медальды мойнында жарқыратты.