Қылмыс • 03 Наурыз, 2024
Семейде полиция қызметкерлері жас жеткіншекті аңдыған ер адамды қолға түсірді. Оны ұстау кезінде күдікті тәртіп сақшысына пышақ жарақатын салған.
Қылмыс • 03 Наурыз, 2024
Елімізге шетелден әкелінетін автокөліктерді алғашқы есепке қою мен утилизациялық төлемнің шектен тыс жоғары болуы ел тұрғындарын заңды айналып өтетін түрлі амалдарға баруға итермелеп жатыр. Осы жолда кейбірі арзан ақшаға жасап беремін деген алаяқтардың құрығына түседі. Ақтөбеде болған оқиға – соның бір дәлелі.
Қоғам • 03 Наурыз, 2024
Астанада Алғыс айту күні Достық үйіндегі телекөпірмен басталды. Еліміздегі Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалдары онлайн байланысқа шықты. Ұзын саны мыңнан аса адам қосылып, атаулы күннің айбынын асқақтатты. Сондай-ақ мерекелік іс-шараның жалғасы ретінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Бір ел – бір мүдде» ҚХА депутаттық тобы және дөңгелек үстел қатысушыларымен бірге «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Мирас • 03 Наурыз, 2024
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен сері Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына орай шығармашылығын насихаттауға арналған көрме осылай аталады.
Тұлға • 03 Наурыз, 2024
Керекудің теріскейі – аз зерттелген өңір. Заманында Алаш ардақтыларымен үзеңгілес небір тарихи тұлғалардың өмір сүргені туралы деректер соңғы уақытта үсті-үстіне табылып жатыр. Соның бірі – Тереңкөл болысын ұзақ жылдар басқарған Ілияс Жанқараұлы. Ертіс бойының арысы Қарқаралы петициясына атсалысып, Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне құрметпен шақырылған.