Жемқорлық • 01 Наурыз, 2024
Банк қызметкері клиенттерін 35 миллион теңгеге алдап кетті
Аягөзде банк қызметкері клиенттерге тауарлық несие беріп, ақшаны өзінің есепшотына аударған. Сот үкіміне сәйкес, ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Аталған оқиғаның мән-жайы туралы Абай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 01 Наурыз, 2024
Көктемде қанша азамат әскерге шақырылады?
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бүгін, 1 наурызда ел азаматтарын әскерге шақыру аясында жоспарланған іс-шаралар басталды. Бұл туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасарлары полковниктер Азамат Досымов пен Фархат Айдарбаев ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
«Өзім де толқып кеттім». Жәнібек Савельев жетім балаларға ерекше тосынсый жасады
20 жыл бұрын бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы Қазақстанға қайта келді. Жәнібек Савельев 28 ақпан күні «Мың алғыс» іс-шарасына қатысып, туған анасын іздеуге қол ұшын созып жатқан жандарға ризашылығын білдірді. Ал бүгін ол Балалар ауылына барып, әкесіз, анасыз өсіп жатқан бүлдіршіндерге сыйлық үлестірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Наурыз, 2024
Президентке Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі заң шығару қызметі туралы өзекті ақпарат берілді, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Оқиға • 01 Наурыз, 2024
Алматыда жүкті әйел көп қабатты үйден құлап кетті
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өлім фактісін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.